Есірткіні заңсыз сақтағаны үшін Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды

Бас прокуратура Түркиядан Қазақстанға есірткі құралдарының заңсыз айналымына күдікті экстрадицияланғанын мәлімдеді.

Түркия Республикасының әділет министрлігі есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдікті деп танылған азаматшаны беру туралы Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды.

Істі тергеу кезінде күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Бүгін бас прокуратураның, ішкі істер министрлігінің қызметкерлері ҚР сыртқы істер министрлігінің көмегі бойынша күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін елге экстрадициялады. Қазір ол Астананың тергеу изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.

Ол қылмысты жасағаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.