Төтенше жағдайлар министрі ант қабылдады

Үкімет отырысында Абай облысындағы өрт кезінде тағайындалған төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов ант қабылдады.

Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін, — деді министр.

Еске салайық, мемлекет басшысының жарлығымен Сырым Шәріпханов Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды.