Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары Грузиядан экстрадицияланды. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады.
Грузияның әділет министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және 50 миллион тенгеден астам бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз әкімінің бұрыңғы орынбасарын ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды, — делінген хабарламада.
Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған, сондықтан оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген тұлға Грузияда анықталып, ұсталды.
Грузиялық әріпестермен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде бүгін бас прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанған әкелді, — деп хабарлады ведомстводан.
Қәзіргі уақытта ол Астананың тергеу изоляторына қамалды. Оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Еске салайық, Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары 2021 жылғы желтоқсан айында Грузия аумағында ұсталып, қамауға алынды. Сол кезден бері Қайсар Сарытайды Қазақстанға экстрадициялау рәсімі басталды.