7 маусымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижесінде экс-вице-министр Н.Б. Әлтаевты аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстады.
Н.Б. Әлтаев еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, кейіннен ҚР парламенті мәжілісінің депутаты ретінде жүйелі негізде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы А.И. Мырзахметовтен аса ірі мөлшерде пара алды деп күдіктенеді.
2018-2020 жылдары жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқара отырып, ол А.И. Мырзахметовтың мүддесі үшін әрекет етіп, оның ұйымына мемлекеттік тапсырыстарды алуына ықпал етіп, жалпы қамқоршылық көрсеткен.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Еске салайық, Н.Б. Әлтаев Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.