Серік Күдебаев сот үкіміне шағым түсірді

Қаңтар оқиғасы бойынша 10 жылға сотталған Алматы облыстық полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев сот үкіміне шағым түсірді.

Бұл туралы Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров мәлімдеді.

Серік Күдебаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым 29 маусым сағат 15:00-де Жетісу облыстық сотында қаралады деп белгіленді, – делінген хабарламада.

Еске салайық, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді.

Сот талқылауы барысында прокурор судьядан Серік Күдебаевқа тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

3 сәуірде Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды.

27 сәуірде қырғыз шекарасы арқылы Түркияға қашқан экс-полиция генералы ұсталды.

2023 жылғы 28 сәуірде Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.