Басты бетЖаңалықтарПремьер-министрдің орынбасары...

Премьер-министрдің орынбасары мемлекеттік қарыз туралы айтты

Мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімге шаққанда 25%-ке төмен деңгейде қалыптасты. Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Қазіргі кезде барлық белгіленген борыштық ковенанттар сақталып отыр. Мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімге шаққанда 25%-ке төмен деңгейде қалыптасты. Қаржылық шектеулерді қатаң сақтау саясаты келешекте де жалғасады, — деді Ерұлан Жамаубаев.

Осы орайда ол бұл мәселе үкіметтің тұрақты бақылауында тұрғанын айтты.

Біз қабылданған міндеттемелердің ашықтығы мен айқындығын арттыру бойынша жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарын қолдаймыз, — деді спикер.