Балалар мен ересектерді қаржы сауатына үйрететін «Тиыннан теңге құрайтын бала» кітабы жарық көрді. Бұл еңбек — New York Times-тың «The Opposite of Spoiled: Raising Kids Who» деген әйгілі бестселлерінің қазақша нұсқасы. Кітапты қазақ тіліне Jusan Bank пен Steppe and World баспасы аударды.
Кітапта ақша мен қаржыға қатысты тәрбиенің әрбір адам мен отбасы өміріндегі рөлі баяндалады. Америкалық бестселлер авторы Рон Либер онда өз тәжірибесі мен кеңесін бөліскен. Еңбектің негізгі идеясының бірі — адамдарға ақша тек тұтыну емес, баланың құндылығы мен мінезін қалыптастыратын күшті құрал екенін түсіндіру.
Жоба авторларының айтуынша, осындай қаржы сауатына қатысты бестселлерді мемлекеттік тілде оқуға әрбір қазақстандықтың мүмкіндігі болуы қажет.
Балалардың байлық пен қаржыны басқару дағдысының қалыптасуы еліміздің әл-ауқаты, ұлттық экономиканың өркендеуі үшін маңызды. Балалар кішкентайынан өз ресурсын тиімді басқара алса, кейін қаржы қиындығын оңай еңсеретін және елінің тұрақты болашағын құра алатын жауапты әрі өзіне сенімді ересек болып өседі. Сол себепті бұл біздің Қазақстандағы қаржы сауатын дамытуға қосқан үлесіміз деп білеміз, — дейді Jusan Bank-тың басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов.
«Тиыннан теңге құрайтын бала» кітабы ересектерге де арналған. Нұрдәулет Айдосовтың айтуына қарағанда, баласына осы кітапты оқып беретін ата-ана да өзінің қаржы сауатын жетілдіреді.
Jusan-ның цифрлық экожүйесінің бөлігі болып саналатын еншілес компаниямыз — Jusan Invest Қазақстан халқының қаржы сауатын арттыруға көп үлес қосып жатыр. Мысалы, біз 13 жастан асқан балаларға Jusan Academy платформасында инвестиция жасауды қазақ және орыс тілдерінде үйретіп, қосымшамыз арқылы инвестициялау мүмкіндігін сыйлаймыз. Сонымен қатар банк балалар мен ата-аналар үшін тосынсый ретінде – нарықтағы ерекше өнім Jusan Family картасын дайындап жатыр. Бұл карта ересектерге ұл-қыздарының ақшасы мен шығындарын тиімді әрі қауіпсіз түрде бақылап, олардың қаржы сауатын қалыптастыру мүмкіндігін сыйласа, балалар қызық әрі ынталандыратын, дизайны жарқын картаға ие болады, — дейді Нұрдәулет Айдосов.
Кітаптың тұтас сериясын Steppe and World баспасы аударып, басып шығарды. Редакторы — Назгүл Қожабек. Ағылшыншадан қазашаға бес баланың анасы, аудармашы Динара Мәзен тәржімалады. Тираждың басым бөлігі мектептер мен банк филиалдары арқылы тегін таратылады.
Jusan-ға қазақстандықтарға ана тілінде тамаша кітаптар оқуға, білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік бергеніне алғыс айтамыз. Өкінішке қарай, бүгінде қазақ тіліне аударылып жатқан сапалы әрі пайдалы кітап саусақпен санарлық. Сол себепті бұл жобаның біздің басылым үшін де әлеуметтік маңызы зор, — дейді Steppe and World негізін қалаушы Раиса Қадыр.
«Тиыннан теңге құрайтын бала» кітабы тек ақша жинауды емес, инвестициялауға, мұқтаж адамдарға қаржылай көмектесуге шақырады. Осылайша, кітап балаларға жомарт, жанашыр болу сияқты қасиеттерді баулуға көмектеседі.
Либер өз идеясын қиын терминдерді қолданбай-ақ, қарапайым тілде жеткізген. Кітап шынайы әрі нақты отбасы оқиғасы мен мысалға толы. Бұл оқырманға ұғымдарды жақсырақ ұғуы және кеңестерді өмірде қолдануы үшін ыңғайлы. Кітап ата-аналардың да, балалардың да ақша туралы ойын өзгертеді, өміріне әсер етеді, ата-анаға өз балаларының қаржы сауаты мен құндылықтарын дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға көмектеседі, — дейді Jusan Invest басқарма төрағасы Максим Кабанов.