Астанада «Банк және инвестиция» тақырыбында қаржы сауаты бойынша қазақ тілінде жазатын журналистер үшін трениң өтті. Осымен үшінші рет ұйымдастырылған іс-шарада Ұлттық банк, Jusan Invest және Jusan Analytics спикерлері қаржы есебі туралы және статистикамен қалай жұмыс істеу керек екенін айтып берді. Бұған қоса трениңде инвестицияның не екені және халық арасында инвестиция жасау мәдениетін дамытудың маңызы сөз етілді.

Трениң журналистердің қаржы және банк ісі саласындағы білім деңгейін көтеріп, соның арқасында қоғамға таралатын ақпарат сапасын арттыру үшін ұйымдастырылды. Қатысушылар қаржы өнімдері мен қызметтері және банк секторының ережелері мен принциптері жайлы ой-түсінігін кеңейтті. Оған қоса саланың беделді сарапшылары кейінгі аналитика зерттеулерінің нәтижесін ұсынды. Журналистер Ұлттық банктің ресми сайтында деректер мен статистиканы пайдалануды, қор нарығы мен KASE қызметін, трендтерін түсінуді, екінші деңгейлі банктердің қаржы есептерін дұрыс оқи білуді үйренді.

Қаржы тұрғысынан сауатты болу негізгі қаржы процестерін түсіну ғана емес, жеке қаражатыңды тиімді басқарып, оған жауапкершілікпен қарау. Бюджетіңді жоспарлап және әртүрлі қаржы құралына, соның ішінде бағалы қағаздарға дұрыс инвестиция жасай білу деген сөз. Ал қаржы саласы туралы жазатын журналистер үшін қаржы есептері жайлы ақпаратты оқырманға дұрыс жеткізіп, күрделі деректерді түсінікті етіп жаза білу аса маңызды. Дәл осындай трениңдер журналистердің саладағы білігін жетілдіріп, БАҚ арқылы халықтың қаржы сауатын арттыруға сеп болады, — дейді Jusan Bank-тің PR директоры Гаухар Керімова.

Фото: Jusan баспасөз қызметі

Анықтама: Jusan Bank – реттеушінің барлық талабын пруденциалдық нормативтер деңгейінен асырып орындайтын Қазақстандағы ең тұрақты қаржы институттарының бірі. 2022 жылғы қорытынды бойынша банктің меншікті капиталы 751,5 миллиард теңгеге жетті. Капитал жеткілігі k1 29,9%-ке, k2 – 47,4%-ке тең (нормативтер –8,5% және 10%). Банк ашық әрі әлеуметтік жауапты бизнес жүргізуге басымдық береді. Биыл банк жаңа үш жылдық даму стратегиясы шарттарындағы жұмысын бастады, ол клиентке бағдарланған заманауи принциптер негізіндегі бизнес-модельге сүйенеді. Даму стратегиясы бойынша Jusan клиенттердің жоғары сұранысын өтейтін, үздік дәрежелі, инновациялық, жоғары технологиялық қызмет көрсететін әрі ауқымды банк атануды жолға қойған.

Фото: Jusan баспасөз қызметі

Jusan Bank клиенттерінің әлеуетін жүзеге асыру үшін қаржы мүмкіндіктерін сыйлап қана қоймай, гуманитарлық, білім беру және әлеуметтік бастамаларға қатысу арқылы олардың өмір сапасын жақсартып, маңызды жобаларды қолдауды жалғастырмақ.

Фото: Jusan баспасөз қызметі