Efes Art Space алаңында инклюзив театрдың «Машаның хаттары» көрмесі ашылды

Efes Art Space Алматы тұрғындары мен қонақтарын актриса Мария Дубоделованың өмірлік тәжірибесі негізіндегі «Действие буквально» театр зертханасының әлемімен танысуға шақырады.

«Действие буквально» — 2017 жылы құрылған Орталық Азиядағы алғашқы кәсіби инклюзив театр. Театрда жиырма әртіс қызмет етеді. Арасында аутизм және Даун синдромына шалдыққан жандар да бар. Бұл — нейротип адамдардың ой-мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кәсіби тәуелсіз шығармашылық топ. Ұжым түрлі алаңда сәтті өнер көрсетіп, гастрольдік сапарларға шығып, шығармашылық жобаларға қатысып келеді.

Театр – ұжымдық жұмыс. Кез келген ұжымда өзара сыйластық, жеке қарым-қатынастың және эмоционал байланыстың күрделі жүйесі болады. Зертхананың ұжымдық өмірінің тылсымымен біз Машаның әріптестеріне жазған хаттары арқылы танысамыз. Актрисаның шынайы, сезімтал өмірлік тәжірибесі ауызша ғана емес, көркем артефактілер сияқты көрінеді. Машаның мұндай адамгершілікке толы хаттары көрерменді бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз. Әр адам өзін және өз өмірлік тәжірибесін білуге ​​мүмкіндік алады, — деді Efes Art Space жобасының кураторы Ольга Веселова.

көрме сурет
Фото: Efes Art Space

Осы күнге дейін «Действия буквально» труппасы ондаған спектакль мен эскизді жарыққа шығарды. АҚШ, Оңтүстік Кореяда, Ұлыбритания, Жапония, Германия, Франция, Ресей, Өзбекстан және Қазақстан сияқты елдердегі әріптестерімен бірлесіп жұмыс істеді. Театр репертуарында «Вавилон мұнарасы» (режиссері Борис Павлович) және «Ойыншық» (режиссері Катя Дзвоник) екі спектакльдері бар. Театр актерлары Қазақстандағы және шетелдегі түрлі шығармашылық ұжымның жобаларына тұрақты түрде қатысады.

Efes Art Space көрмесіне «Действия буквально» театрының қатысуы біз үшін үлкен тосын сый болды. Біз «Машаның хаттары» жобасын қуана қолдадық. Efes Art Space қонақтары «Действия буквально» инклюзив театрының шығармашылық жолымен одан әрі жақынырақ таныса алатынына сеніміміз мол, — деді маркетиң директоры Зейнеп Эркан Альп.

Ағымдағы көрме күнтізбесін Efes Art Space-тің Instagram парақшасынан табуға болады.

көрме сурет