Солтүстік аймақ: Петропавлда — 4, — 6 °, Қостанайда 0, — 2°, Павлодарда -5, -7° күн ала бұлтты болады. Сондай-ақ Көкшетауда күн ашық, ауа температурасы — 3, -5 ° болады деп болжалды.
Еліміздің шығысы Семейде -5, — 7°, Өскеменде -3, -5 ° күн ала бұлтты болады деп күтілуде.
Талдықорғанда +3, +5° күн ала бұлтты, Таразда +4, +6° қар аралас жаңбыр, сондай-ақ Шымкентте де қар аралас жауын күтіліп, ауа температурасы +14, +16° жылы болады. Қызылордада күн ашық, ауа температурасы +10, +12° деп болжам жасалды.
Қарағандыда күн ала бұлтты -6, -8 °, Жезқазғанда -1, -3 ° төменгі ауа температурасы күтіледі.
Батыс аймақ: Ақтауда жаңбыр жауып, сынап бағанасы +11, +13° көрсетеді. Сондай-ақ Атырауда да жаңбырлы күн күтіледі, ауа температурасы +10,+12 ° жоғарылайды. Ал Ақтөбеде күн ала бұлтты, температура 0, -2 ° болса, Оралда сынап бағанасы 0,+2° көрсетеді деп күтілуде.
Алматыда күн ала бұлтты, сынап бағанасы +5, +7 ° көрсетсе, Астанада ауа температурасы -4, -6 ° төмендейді деп күтілуде.

