Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 442-447 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 442–447 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 443–446 теңге аралығында құбылып тұр.

26 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,04 теңгеге төмендеп, 445,47 теңге болған.

Ұлттық банктің 29 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 445,68 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,57 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,45–5,6 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,45-5,55 теңгеден сатылып жатыр.