Алматыда дәмхананың жазғы алаңына ағаш құлады

Алматыдағы «Аккунин» дәмханасының жазғы аумағында ағаш құлады. Бұл туралы Алматы құтқару қызметі хабарлады.

Оқиға 25 мамырда болған.

Сағат 22:15-те Алматының құтқару қызметіне Абай даңғылы, 21 мекенжайындағы «Акунин» дәмханасының жазғы аумағына ағаш құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқару қызметі мен Медеу әкімдігінің мамандары тексеруге шықты, — делінген хабарламада.

Құлаған ағашты жою жұмыстары бүгін сағат 8:45-те басталып, 12:30-да аяқталды. Оқиға орнында төрт құтқару қызметкері мен бір техника жұмыс істеді.

Зардап шеккендер жоқ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі БҚО-ның әлеуетімен танысты

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев екі күндік жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысында болды.

Парламент мәжілісінің жалпы отырысы бір минут үнсіздікпен басталды

Бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. 

Алматыда бірнеше көше үш айға жабылады

Алматыда бірқатар көше жылу желілерін қалпына келтіру үшін үш айға жабылады. Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтады.

Президент саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығына барды

Президент ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығының жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Президент қағаз өнімдерін шығаратын фабриканың жұмысымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «РимҚазАгро» қағаз өнімдерін шығаратын фабриканың жұмысымен танысты.