Алматының бірнеше шағынауданы бір күнге суық судан ажыратылады. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.
Алматының бірқатар шағынауданында сумен жабдықтау желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты, суық су жергілікті түрде ажыратылады.
30 мамырда сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін:
- «Орбита-1, 2, 3, 4»,
- «Таугүл — 1, 2»,
- «Мамыр-1, 4, 5, 6, 7»,
- «Алмас»,
- «Атамекен»,
- «Қуаныш»,
- «Достық» шағынаудандары,
- М. Кәрім,
- Цветочная,
- Ықылас,
- Тойбастар,
- Тайбұрыл,
- Пролетарская көшелеріндегі тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру уақытша шектеледі.
Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Анықтама телефоны: 274-66-66, — делінген хабарламада.