Apple-дің жаңа жүйесінде 187 мың қосымша істемейтін болады

Бұған дейін Apple компаниясы жаңа нұсқада 32-битті қосымшадан бас тартатынын айтқан болатын. Sensor Tower мәліметінше, ондай бағдарламалар барлық AppStore-дің 8 пайызын қамтиды.

Сарапшылардың айтуынша, Apple қосымша иелеріне міндетті түрде жаңарту жұмыстарын жүргізу керектігін 2015 жылы ескерткен. Тіпті, iOS 10 бета-нұсқасында ескі бағдарламалар жаңа жүйеде жұмыс істей алмайтыны туралы хабарламалар да шығып тұрады. Бірақ, 187 мың қосымшаға қатысты еш шара қолданылмаған.

iOS 11 операциялық жүйесі Калифорнияда 5-9 маусым аралығында өтетін WWDC 2017 конференциясында таныстырылады.

ДереккөзEgemen.kz