Италия премьер-министрі Джорджи Мелонидің Астанаға бұрын жарияланған жұмыс сапары болмайды. Бұл туралы ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары – президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Италия премьер-министрі Джорджа Мелони табиғат апатынан зардап шеккен өңірлерге бару үшін Хиросимада өтіп жатқан G7 саммитіне соңына дейін қатыспай, еліне қайтып барады.
Италияның солтүстігінде кем дегенде 40-тан астам елді мекен су астында қалып, 20 мыңнан астам адам баспанасынан айырылды. Осы себепке байланысты Италия үкіметі басшысының Астанаға алдын жоспарланған жұмыс сапары болмайды, — деп жазды Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі ресми парақшасына.
Италия тарапы президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелонидің телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастыруды сұраған.