18 мамыр – Халықаралық музей күні. Атаулы күнге орай, Алматыдағы жеті мұражай Музей түні науқанын өткізді. Бұл күні қонақтар музейге тегін кірді. Baribar.kz тілшілері Алматы музейлері бірлестігінде өткен «Тарих. Тұлға. Музей» мерекелік іс-шарасын көріп қайтты.

Алматы музейінде 11 зал бар. Әр зал Алматы тарихын көрсетеді, олар: «Алматының ежелгі тарихы», «Алматының ортағасырлық тарихы», «Қазақ мемлекеттігінің бастауы», «Жетісу этнографиясы», «Алматы тарихының Верный кезеңі», «ХХ ғасырдағы Алматы», «Мәдениет пен өнерді дамыту»,»Альпинизм тарихы», «Желтоқсан», «Алматы және Ұлт көшбасшысы» және «Бейбітшілік пен келісім моделі».

Алматы музейі, музей түні, музей
Алматы музейі. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Алматы музейлер бірлестігі директорының ғылым ісі жөніндегі орынбасары Рүстем Қайратұлының айтуынша, Музей түні іс-шарасы қала тұрғындарына мәдениетті, тарихты тереңірек білуге мүмкіндік береді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Музей түнінде келушілерге «Тірі музей» қойылымы, концерт және музейдегі куест-ойындары ұсынылды. Оған қоса құмыра жасау шеберлік сабақтары және музей экспозициясын таныстыратын экскурсиялар өтті. Ал балаларға тегін акуагрим жасалып, экспонаттар суреттелген пазлдар қойылды, — деді Рүстем Қайратұлы.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Концертте эстрада артистері Кенжебек Жанәбілов, Ғазизхан Шекербеков, Ермек Меденов және тағы басқа әншілер өнер көрсетті. Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Жастар хоры мен Tengri ethno music band тобы сахнаға шықты.

Қуыршақ театры. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Ермек Меденов. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Tengri ethno music band тобы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

«Тірі музей» бағдарламасы бойынша, театр және кино актерлары тарихи тұлғалардың бейнесін көрсетті.

Актерлар Мұхаметжан Тынышбаев, Бауыржан Момышұлы, Шәмші Қалдаяқов, Роза Бағланова, сәулетші Павел Гурде кейпінде киінген. Оған қоса қола дәуіріндегі әйел мен қазақ хандығы кезіндегі сауыт киген батырлар да бой түзеп тұр.

Шәмші Қалдаяқов бейнесі. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Қола дәуіріндегі әйел бейнесі. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Мұхамеджан Тынышбаев бейнесі. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Асанәлі Әшімов атындағы Жаңа ғасыр театрының актеры Еркебұлан Қаламбай Бауыржан Момышұлының кейпін сомдап тұрды.

Батырдың бейнесін сомдау керемет екен. «Тірі музей» жастарға жақсы ой салып, қазақ руханиятымен танысуға мүмкіндік береді, — деді актер.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Мұражайда «Тірі музей» кейіпкерлері мен келушілердің суретін салып тұрған қызды байқадық. Суретші қыздың аты — Адель Сыпатаева. Ол суретші-мультипликатор мамандығының 5-курсында оқиды.

Музей түніне бірінші рет келіп тұр. Студент түрлі адамның бейнесін салып, суретші машығын шыңдау үшін келгенін айтты.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Мұндағы қызық экспонаттардың эскизін әдемі етіп салғым келді. Ең ұнағаны – XX ғасырдың басындағы Алматы. Өйткені сол уақытта тұрмыста қолданған түрлі-түсті заттар мен киімдер ерекше. Көзіме оттай басылды, — деді Адель Сыпатаева.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Адель Сыпатаева әнші Роза Бағланова бейнесіндегі қыздың суретін салуға кірісті. Музей аралап қайтып келгенде, бізге дайын суретті ұсынып жатты.

Роза Бағланованың бейнесі. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Музей түніне қазақ мәдениетімен танысуға басқа ұлт өкілдері де келді. Алексей Кудренконың бойынша екі ұлттың қаны бар — украин және молдаван. Бірақ Қазақстанда туып-өскендіктен, өзін қазақ деп санайды.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ата-бабаларымыздың қалай өмір сүргені қызық. Арғы аталарымыз қалай су тасымалдағанын, тыныс-тіршілігін, тұрмыста қандай заттар қолданғанын біліп таңғалдым. Бұрынғы замандағы су құбырын көрдім. Маған ежелгі канализация мен тұрмыстағы құралдар ұнады, — деді Алексей Кудренко.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Болат Ибрагимов пен Айдана Жапсарбаева Музей түніне отбасымен келген. Ерлі-зайыптының отасқанына 10 жыл болыпты. Олардың төрт қызы бар. Үлкені тоғыз жаста, ал кенжесі бір жарым жаста. Музей түніне қыздар бұрымына қазақы нақыштағы әшекей тағып келген.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Баларымыз ата-бабасының тарихын, салт-дәстүрін көрсін деп мұражайға бірінші рет әкелдік. Қыздарымды барынша қазақы үлгіде киіндіріп, қолдан түрлі ұлттық әшекей жасап, тағып берем. Балаларымның бойына қазақ мәдениетін сіңдіруге тырысып жүрміз, — деді Айдана Жапсарбаева.

Музейді археология және этнология мамандығы бойынша оқитын студенттер де аралап жүр. ҚазҰУ-дың 4-курс студенті Жанеля Бекенова курстарстарымен бірге Музей түніне келуді дәстүрге айналдырған.

Жанеля Бекенова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Қазақы сауыт-саймандарың экспонаты ерекше болып көрінді. Шоқпар мен найзаның ұзын әрі жуан екенін көріп, батырларымыз шынында ірі болғанына көзім жетті, — дейді Жанеля Бекенова.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Студент Тамғалы петроглифтер кешеніндегі Митра құдайының бейнесін ұнатқан. Сол себепті акуагриммен петроглифтің суретін салғыпты. Оның айтуынша, қола дәуіріндегі адамдар Күн басты құдайға табынған.

Науқанға «Алматы қаласы музейлер бірлестігінің» жеті музейі қатысты. Олар: Алматы музейі, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, Д.Қонаев музейі, Н.Тілендиевтың мемориалдық музейі, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтың әдеби-мемориалдық музей кешені, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы және А.Байтұрсынұлы музей-үйі.

Бұл мұражайларға Музей түні жалпы жеті мың адам жиналды.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz