Осы күнгі әскери комиссариаттардың әлде бөлімшелердің, жалпы – Қазақстан Қарулы Күштерінің барлық нысандарының маңдайшасына жазып қоятындай сөздері көп-ақ. Вaribar.kz батыр атаның шығармаларын бір шолып өтіп, әскери өмірдің, тәртіптің, пәлсапаның мазмұнын ашатын, әрбір қазақ жауынгерінің жадында жүруі тиіс деген сөздерін теріп беріп отыр.

  1. Ерлік – тәрбие жемісі.
  2. Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр.
  3. Солдаттың анасы – Отанның анасы.
  4. Жақсы солдат командирге ұстаз, ал, жаман, ақымақ генерал командир түгілі солдатқа ұстаз бола алмайды.
  5. Соғыстың заңы – өте қатал заң.
  6. Жаман сарбаз шілде де шинель киіп жүріп тонады.
  7. Атақ – ерге сауға, олжа – елге сауға.
  8. Олжа елдікі, оған тимегін!
  9. Айбындана шапқаннан ажал сескенеді.
  10. Адал болмай – азаматпын демегін.
  11. Әдіссіздік — әлсіздік, ептілік те ерлік.
  12. Біз басқыншы емеспіз, ол есіңде болсын.
  13. Дұшпаның қашып – сен жеңсең, оның әйелі мен қызына көз салма!
  14. Беделің қайтса бекінгің, беделденіп алғанша.
  15. Бір жаралыға жәрдем беріп, оны аман алып қалған жауынгер – ұл тапқан анадан артық.
  16. Дұшпанды майдан шебінде аяма, алайда ол қолға түссе, оған сен мият болғын.
  17. Ерлік бағасы алтында емес, абыройлы атақта.
  18. Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында.
  19. Ерсіз ел болмайды, елін ер таниды, ерлерін ел таниды.
  20. Екі сөзді – ер емес. Серт – ер серігі. Сертке көнбей өзіңе сенбе. Атақтың тіреуі – ар.
  21. Екі сөзді болып елеңдеп жүргеннен, бір сөзді болып мерт кеткен дұрыс.
  22. Ел үшін аянба – ерлігіңе сын.
  23. Елсіз ер болмайды.
  24. Ерлік елдің қасиеті, жүректілік жігіттің қасиетті.
  25. Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта.
  26. Ежелден ел тілегі – ер тілегі адал ұл ер боп туса – ел тірегі.
  27. Екі сырттан қанға баттып таласса, қарсаққа жем болады.
  28. Ерлік елеусіз қалмасын.
  29. Еділ елдің тобығынан келмейді.
  30. Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін.
  31. Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп, қызмет етуден аянба.
  32. Жауды өлтірсең өлімнен құтылдың, өлтірмесең – өлімге тұтылдың.
  33. Жанын аямаған жан сауға.
  34. Жүгірсең де жүйемен жүгіргін, қалбалақтап қалт кетпегін.
  35. Жұртсыз жігіт болмайды.
  36. Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.
  37. Жанын аямай тиіскеннен, жау жалт бере жөнеледі.
  38. Жаралыға жаның шыққанша жәрдем бергін. Жазатайым кетпесін.
  39. Жағадан алған дұшпаннан, етектен алған ит қауіпті.
  40. Жауға жаныңды берсең де, сырыңды бермегін.
  41. Жан сенікі, сыр серіктеріңдікі, оны да ұмытпағын.
  42. Жаудың сырын жау білмес. Жағдайды білсең, жаңылмайсың. Ақылыңмен барлағаның, жау ниетін аңлағаның.
  43. Именіп жүріп көрген игіліктен, қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.
  44. Қолбасшы аға – сарбаз іні.
  45. Қол көтермес шоқпарды беліңе байлама.
  46. Қарсыласқаннан дұшпан қаймығады.
  47. Қой бастаған арыстан тобынан, арыстан бастаған қой тобы артық.
  48. Қырағының өзі де, көзі де батыр.
  49. Қол көтерген дұшпаннан көрі қорамсаққа қолы жетпей өлген жауды сыйла.
  50. Қара бет болып шыққанша, қайрат көрсетіп өлген артық.
  51. Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, әдісіңе ақылынды жолдас ет.