Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты

Әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина спорттық карьерасында алғаш рет Римде өткен WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты.

Қазақстандық ширек финал кезеңінде әлемнің бірінші ракеткасы польшалық Ига Швентекпен кездесті.

Бірінші сетте Швентек 6:2 есебімен ұтты. Екінші сет Рыбакинаның пайдасына шешілді — 7:6 (7:3). Үшінші сет 2:2 есебіне жеткен кезде Свентек жарақатына байланысты кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Кездесу 2 сағат 19 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина 10 эйс, бір брейк-пойнты жүзеге асырды.

Турнирдің жартылай финалында латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі.