Алматыда жануарлар құқығын қорғауға арналған митиң өтеді

Алматыда 14 мамырда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңның орындалмауына қатысты әкімдікпен келісілген митиң өтеді. Бұл туралы «KARE-Забота» қоғамдық қоры хабарлады.

Митиң 14 мамыр күні сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін «Сары-Арқа» кинотеатрының артындағы скверде өтеді.

Бейбіт жиынның мақсаты:

  • жергілікті атқарушы органдардың жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң талаптарын орындамауы және саботаж жасауы;
  • «Ұстау-стерилизация-вакцинация-қайтару» бағдарламасын орындамау;
  • жануарларды өлтірудің тиімсіздігі, егер негізгі себептер жойылмаса, атап айтқанда: үй жануарларын жауапсыз ұстау және өсіру;
  • НҚА бойынша ресми жұмыс;
  • жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнаманың тиісінше орындалуына қоғамдық бақылау саласындағы өз өкілетін жүзеге асыру бойынша қоғамдық инспекторлар жұмысына кедергілер;
  • ІІМ тарапынан жануарларға қатыгездік көрсету деректеріне тиісті реакцияның болмауы;
  • ит тістеп алғаны туралы сенімсіз деректер; білім беру ұйымдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында (теледидар/радио/ақпараттық ресми сайттар), билбордтар мен плакаттарда таныстыру бағдарламаларын өткізуге қойылатын талаптар, — деді «KARE-Забота» қоғамдық қорының өкілдері.

Бейбіт жиынға үй жануарларын алып баруға болады, бірақ жаңа серуендеу ережелеріне сәйкес иттердің тұмсығы жабулы болу керек.

Айта кетейік, Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі митиң әкімдікпен келісілгенін растады.