Ұлттық тестілеу орталығы тегін байқау сынағының базасын жаңартты

Ұлттық тестілеу орталығы негізгі ҰБТ-ның алдында тегін байқау сынағының базасын жаңартты. Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Тестілеуден онлайн форматта орталықтың сайтынан өтуге болады.

Байқау сынағы оқуға түсушілерге ҰБТ-ға дайындалуға көмек ретінде әзірленді. Талапкерлерге ҰТО сайтында https://prob-ent.testcenter.kz/ сілтемесі бойынша тегін онлайн тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі. Ол үшін тестіленушілерге тек ЖСН теріп, бейіндік пәндердің комбинациясын таңдап, байқау сынағына кірісу қажет.

Оқу жылының басынан бастап тегін онлайн тестілеу 1,5 миллион рет тапсырылған. Бұл жаттығу тестін біз қазан айында іске қосып, желтоқсанда сұрақтар базасын жаңартқан едік. Осы жолы балалардың маңызды емтиханға дайындығын жақсарту үшін тағы да бірнеше нұсқа қосу туралы шешім қабылдадық, – деді ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.