Ғаламшардың жағдайы жылдан-жылға нашарлап жатыр. Қоғам мұны түсініп, экологияға баса назар аударатын болды. ASUS та осы мәселені ескеріп, дүниежүзіндегі ең жұқа әрі жеңіл ноутбуктардың бірін, экологияға зияны әлдеқайда аз, кез келген жерде қолдануға болатын Zenbook S 13 OLED (UX5304) ноутбугын шығарды. Бұл құрылғының несі тиімді? Жаңа технология мен экоөмірді қалай ұштастыруға болады? Baribar.kz тарқатып жазады.

Экобелсенді Мөлдір Бегімбет ASUS Zenbook S 13 OLED ноутбугын бірнеше күн қолданып, оған шолу жасады.

Көпшілік Мөлдір Бегімбетті экобелсенді деп таниды. Ол қалдықты сұрыптайды, артық қоқыс шығармауға, тұрмыстық химия өнімдерін, пластик заттарды аз сатып алуға, отандық өнімдерді алуға тырысады. Өзінің айтуынша, мұндай өмір салты бала кезінен-ақ қалыптасқан. Ата-анасының берген тәрбиесі екенін айтады.

Ауылдағы әр үй қалдық сұрыптайды. Көкөніс қабығын малға, тамақ қалдығын итке, жанатынын отқа тастағанда қоқысқа тастайтын ештеңе қалмайды. Дегенмен қазір қаптамамен сатылатын тамақ өнімі көп болғандықтан, тіпті ауыл тұрғындары да қалдықты сұрыптаудан ажырап бара жатыр. Бірақ менің ата-анам әлі күнге дейін әрқайсын бөлек жинайды. 21 жасымда қалаға қоныс аударған соң, осы әдеттен алшақтап бара жатқанымды түсіндім. Содан экопункттердің мекенжайын анықтап, экоблогерлердің парақшасын оқи бастадым. Солай экологиялық өмір стиліне толық көштім, — дейді Мөлдір Бегімбет.

Ол үш жылдан бері әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ тілінде экоблог жүргізеді. Онда қоршаған ортаны қорғауға қатысты түрлі кеңес жазып жүр.

26 жасымда ана болдым. Сол уақытта дұрыс өмір салтының маңызын екі есе түсіндім. Жастарға, балаларға осыны ұқтырғым келді. Себебі ертең олар да мен өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі, балаларымның замандасы болмақ. Осы уақыт ішінде оқырмандарымның экожағдайға қатысты көзқарасы кәдімгідей өзгергенін байқадым, — дейді экобелсенді.

Мөлдір Бегімбет. Фото: Бақдәулет ,Әбдуалы/Baribar.kz

Ноутбук қорабы мен қаптамасы

Мөлдір айтқандай, қазір шынымен азық-түлік, әшекей, киім-кешек сияқты кез келген өнімнің қаптамасы пластиктен, полиэтиленнен жасалады. Ал бұл қоршаған ортаға миллиондаған жыл бойы зиянын тигізеді. Осындай ахуалда Мөлдір ASUS Zenbook S 13 OLED ноутбугының қаптамасын көргенде риза болған.

Қорабы мен қаптамасы тек қағаздан, картоннан екені қуантады. Ноутбукты сатып алғанда соңыңда қоқыс қалмайтынына сенімді боласың, — дейді экобелсенді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Оған қоса ол жай ғана қорап емес. Оны кейін лақтыра салмай, тірегіш ретінде де қолдануға болады. Бұл сүйікті фильміңізді шалқайып жатып та емін-еркін көруге мүмкіндік береді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Қорапты бекітіп тұрған жапсырмаға дейін қайта өңделетін материалдан жасалған.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Өндірушілер ноутбук, оның қуаттағышы сатып алушыға жеткенше сырылып кетпесі үшін арнайы қапшыққа салып қойған. Қапшық өсімдіктен жасалған және 100% қайта өңделеді. Ноутбук пен пернетақта арасындағы қорғаныс пленкасы да қағаздан дайындалған.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Айтпақшы, ноутбук қорабын камераға түсірсе, ол жерден 3D форматта шыршалар шығады. Бұл сатып алушыға қоршаған ортаны қорғауды әсте ұмытпау керек екенін еске салып тұрғандай-ақ!

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ноутбуктың материалы мен сырт көрінісі

Мөлдір артық қалдық пен қоқыс шығармауға тырысса да, күнделікті өмірде жаңа технология құрылғыларын қажет етеді. Байланысу үшін смартфон, жұмыс істеу үшін ноутбук керек. Дегенмен Мөлдір техника құралдарын өте ұқыпты әрі ұзақ қолданатынын айтады.

Телефонды кемі үш-төрт жыл қолданамын. Менде «бұзылып қалды», «жоғалып қалды» деген жоқ екен. Затқа ұқыптымын, оған қоса сапалысын сатып алуға тырысамын, — дейді ол.

Экобелсенді Zenbook S 13 OLED ноутбугының дизайны ерекше екенін айтып өтті. Сонымен бірге ол құрылғының жұп-жұқа әрі жеңіл екеніне назар аударған. Қалыңдығы — небәрі бір сантимер, салмағы — бір-ақ келі.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ноутбук деген жаныңда алып жүруге арналған ғой. Қыздар үшін оның жеңіл болғаны маңызды. Zenbook S 13 OLED ноутбугын сөмкеге салып ап, кез келген жерде мәтін жаза беруге болады. Өмірді жеңілдетуге көмегі тиеді, — дейді Мөлдір.

Мөлдір Бегімбет. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Үйде кішкентай баламыз, іні-қарындасымыз бар. Кейде олар тәтті жағылған қолымен ноутбукты ұстап, оны сатпақ-сатпақ етіп тастайды. ASUS бұл проблеманың шешімін тапты. Олар Zenbook S 13 OLED ноутбугының экранының артқы жағын Basalt деген сұр керамикадан жасады. Керамиканың ерекшелігі сол, саусақ ізі қалмайды. Ноутбук мықты әрі таза болады.

Оған қоса керамиканың электрді аз өткізетіндіктен, салыстырмалы түрде әлдеқайда қауіпсіз. Керамика үстіндегі ақ сызықтар да ерекше сән беріп тұр.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ноутбуктың арнайы қабы бар. Ноутбугыңызды қысылмай осы қабына салып, кез келген жерге көтеріп баруыңызға болады. Себебі оның дизайны кез келген мекенге, кез келген киім үлгісіне үйлесіп кетеді. Бірақ оның құрылғы топтамасында болып-болмайтыны қолданушының тұратын өңіріне байланысты.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Asus компаниясының артықшылығы — бұрыннан экологияға жіті мән беріп, кей өнімін қайта өңделген материалдардан жасайтыны. Мысалы, олар 2017 жылы қалдықтан қайта өңделген 1500 тонна пластикті, 2022 жылы 20 000 тонна қайта өңделген қағазды қолданды. Zenbook S 13 OLED жаңа ноутбугына да осы әдісті пайдаланып, экологияны жақсартуға тағы бір тамшы үлес қосты. Құрылғы құрамында мұхитқа түсу қаупі бар пластик, магний және алюминий қорытпасы бар.

Электрон қалдықтар — қоғамның үлкен проблемасы. Қазір тұтыну деңгей жоғары болғандықтан, қатты қалдықтар көптеп қалады. Қайта өңдеуге жарамайтындары бекерге қоқыс полигонында улы токсиндер бөліп, қоршаған ортаға залал келтіреді. Бір адам жылына 7,3 келі электрон қалдық шығарады. Жылына елімізде 130 мың тонна тұрмыс техника қалдығы шығарылады. Оның 8,8%-і ғана өңдеу мен утилизацияға жіберіледі. Қалғаны полигонға немесе қоқыс тастайтын орынға баратыны сұмдық жағдай. Адамдар қалдықты араластырып тастай бергендіктен, оны бөлетін жерге жеткенше бүлініп үлгереді. Оған қоса қалдық сіз бен біз тыныстайтын ауаны да ластап жатыр. Сондықтан қайта өңдеуге жарайтын материалдан жасалған және зиян элемент аз қосылған электр құрылғысы көп болса екен, — дейді Мөлдір.

асус ноутбук Zenbook OLED
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Дисплейі

Кейбір адамға құрылғы экранының кең болғаны ұнайды. Ауқымы кең, жақтауы аз ноутбук дисплейі бейнені құдды теледидардан немесе кішігірім кинотеатрдан көріп отырғандай сезім сыйлайды. ASUS мұны ескеріп, жаңа ноутбуктың экранын 89%-ке кең етіп жасады. Оның диагоналі — 13,3 дюйм. Оған қоса дисплейі бейнені өте қанық көрсетеді. Жиілігі — 240 Гц, жарықтығы — 400 кд/м2, жарықтығының шегі — 500 кд/м2.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

ASUS экологияны, өнім қолданушысының жұмысын, мансабын ғана емес, денсаулығын да ойлайды. Электрон құрылғылар ең әуелі адамның көру қабілетін нашарлататыны рас. Сол себепті компания бұл ноутбукты дисплейінен зиян көк жарық 70%-ке аз шығатындай етіп жасады. Тіпті осыған байланысты арнайы TUV Rheinland Low Blue light және SGS сертификатын алды.

Сонымен қатар Zenbook S 13 OLED-тің дисплейі 16:10 форматы бойынша істейді, бұл кез келген контентті жоғары сапада көруге мүмкіндік береді.

Мөлдір Бегімбет. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Экраны

Кейде үстелде тік отырып, ноутбук арқылы сабақ оқу, жұмыс істеу қиын. Белден-бел қалмай, қиналып жатамыз. Мұндай жағдайда құрылғы экранының барынша иіле алғаны тиімді. Мысалы, Zenbook S 13 OLED ноутбугының экраны — ErgoLift топсасы 180 градусқа иіледі. Қолданушы жатып фильм көре алады, кітап не дәріс оқи алады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Процессоры мен жады

Энергияны үнемдеу — қоршаған ортаны қорғаудың бір әдісі. Бұл да ASUS-тың жаңа ноутбугында ойластырылған. Мысалы, оның процессоры — Intel Core-дың 13-буыны. Оған қуатын үнемдеуге әрі тиімді қолдануға көмектесетін, процессор динамикасын арттыратын ядро орнатылған. Сонымен қатар ойын ноутбугы болмаса да, онымен түрлі ойын ойнауға болады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Қуаттағышы

Адам үнемі тоқ көзінің жанында бола бермейді. Бірде пойызда, бірде тауда жүруі мүмкін. Мұндай кезде ноутбуктың қуаты бітсе, біраз әбігерленіп қалатыны анық. Сондықтан құрылғының қуаты ұзаққа жеткені жөн. ASUS Zenbook S 13 OLED-тің қуаты 14 сағатқа жетеді, өйткені батареясының сыйымдылығы — 63 ВТ/сағ.

Қуаттағышы ұзаққа шыдайды екен. Бұл іскер адамар үшін өте маңызды, — дейді Мөлдір.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ноутбук өшіп қалса, қуатын демде толтырып алуға болады. ASUS Zenbook S 13 OLED-тің қуаттағышы оның қуатын 49 минутта-ақ 70%-ке толтырып береді. Оған қоса бұл құрылғы кез келген форс-мажор жағдайға дайын. Ноутбук иесі қуаттағышын ұмытып кетсе, оны ұялы телефонның батареясы немесе қуаттағышы арқылы қуаттауға болады. Себебі оның қуаттайтын жалғағышы — Type-С USB.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

ErgoSense пернетақтасы мен тачпады

Мөлдір журналист әрі блогер болғандықтан, мәтінді жиі жазады. Сол себепті ол ноутбуктың тачпады мен пернетақтасын ұзақ талғайды. Мөлдірдің айтуынша, ASUS Zenbook S 13 OLED-тің бұл бөліктері жазуға өте ыңғайлы. Экобелсенді дұрыс байқаған, себебі компания пернетақта басқанда және тачпадты сырғытқанда ыңғайлы болуы үшін оны арнайы гидрофоб және олефоб жабынмен қаптаған. Пернетақтадағы әріптер де үлкен. Бұл нашар көретін адам үшін де тиімді.

Өзім 12 жылдан бері пернетақтамен доспын. Ауыр басылатыны және тайғанап кететіні кәдімгідей кедергі келтіреді. Осы ретте, бұл серия ерекшеленеді екен, — дейді ол.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Камерасы

Кейінгі күндері жасанды интеллектінің жетістігін көп естіп жүрген шығарсыз. ASUS компаниясы да жаңа мүмкіндікті қалт жібермеді. Олар Zenbook S 13 OLED ноутбугына жасанды интеллект элементі арқылы істейтін ASUS AiSense уеб-камерасын орнатты. Windows Hello жүйесі де қосылған. Оның арқасында камера қолданушының көзіне ілесе алады және адамның фонын бұлыңғыр ете алады. Бұл функция уеб-камера арқылы видео байланысқа шыққанда тиімді. Экранның ар жағында адам үйіңіздің, бөлмеңіздің ішін көре алмайды. Бір сөзбен айтқанда, сіздің жеке шекараңызды қорғайды.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ойын ойнап, ноутбук ұтып ал!

Айтпақшы, 31 мамыр мен 27 маусым аралығында ASUS компаниясы ұтыс ойнатады. Осы уақыт аралығындағы әр аптада үш кәдесый береді. Ал ай соңында бір адамға суперсый ретінде ең жұқа әрі жеңіл, экологиялық Zenbook S 13 OLED (UX5304) ноутбугын сыйға тартады. Ұтысқа қатысу үшін мына сілтемені басып, тіркелу қажет. Кейін сондағы ойынды ойнаса, болғаны. Ойын ойнап, ноутбук ұтып ал! Ойынның барлық ережесі мына жерде жазылған.

Шолуымызды қорыта келе, ASUS Zenbook S 13 OLED ноутбугының мынадай артықшылықтарын атап айтуға болады:

  • жұқа әрі жеңіл;
  • экологиялық тиімді;
  • әлдеқайда қауіпсіз;
  • камерасында жасанды интеллект элементтері бар;
  • қуаты ұзаққа жетеді және ноутбук жылдам қуатталады.

НОУТБУКҚА ASUS ҚОЛДАУЫМЕН ШОЛУ ЖАСАЛҒАН