Атырауда «ҚазАқпарат» ХАА журналисі Виктор Сутягиннің автокөлігін белгісіз біреу өртеп жіберді. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Оқиға 11 мамырға қараған түні болған. Жарылыс туралы ақпарат қоғамдық Formaggio.almaty сайтында пайда болды.
«ҚазАқпарат» ХАА мәліметі бойынша, оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Мен түнгі сағат 00:00 шығып, көліктен заттарымды алдым. Көлігім үйдің бұрышында тұрған. Гаражым болса да, барлығы көлігін осы жерге қояды. Видеодан көрініп тұрғандай, 02.24-те ер адам көлікке жақындап, капотта бірдеңе істеген. Содан кейін жарылыс болды. Ол өзі де зардап шекті деп ойлаймын. Көлігімнің өртенгенін ең соңғы болып естідім. Көршілерім оятқанда, көліктің түгі қалмай жанып кеткен, өрт сөнген, — деді Виктор Сутягин.
Атырау облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
11 мамыр күні сағат 04:21 шамасында Атырау полиция басқармасының автопатрульдік экипажы Наурызалиев көшесіндегі үйдің жанынан өртеніп жатқан Lexus RX-300 автокөлігін көрді. Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметі жіберілді. Жарылыс белгілері табылған жоқ, — дейді тәртіп сақшылары.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық кодекстің 202-бабы 3-бөлігі «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.