Медеудегі өртті сөндіруге тікұшақ жіберілді

Медеудегі тау баурайында өрт шықты. Бұл туралы Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, «Іле-Алатау паркі» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, Кіші Алматы орманшылығы 38-аумағында құрғақ және қураған ағаш өртенген.

Оқиға орнында «Іле Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлерінен 27 адам және төтенше жағдайлар департаментінің 22 қызметкері, сонымен қатар бес техника жұмылдырылған.

Өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару» тікұшағы ұшып кетті.