ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркелу басталды. Бұл туралы тест орталығының директоры Руслан Емелбаев айтты.

Оның айтуынша, биыл тіркелу тәртібіне өзгеріс енгізіліп отыр. Бұрын талапкерлер тест тапсыруға бірден екі мүмкіндікке тіркелсе, осы жолы әрбір тіркелудің өз кезеңі болады.

Биыл 28 сәуір мен 6 мамыр аралығында бірінші мүмкіндікке тіркеледі. Ал 6-14 мамыр аралығында екінші мүмкіндік беріледі. Осылайша, талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады. Биылғы түлектер үшін тегін, ал былтырғы түлектер тестті ақылы түрде тапсырады, — дейді Руслан Емелбаев.

Айта кетейік, ҰБТ 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді.