Қазақстандық құтқарушы Түркияның мемлекеттік медалімен марапатталды

Қазақстандық құтқарушы Түркияның мемлекеттік медалімен марапатталды. Бұл туралы Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

80-нен астам елдің өкілдері арасында Қазақстаннан төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев қатысып, «Жер сілкінісі салдарын жоюға көмектескені үшін» медалімен марапатталды. Ибрагим Күлшімбаевқа мемлекеттік медальді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған табыстады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазақстандық құтқарушылар Түркияның үш өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде жеті адамды құтқарды. Олар қаза болған 88 адамның, оның ішінде он баланың денесін шығарды.