Басты бетЖаңалықтарМаңғыстау облысының...

Маңғыстау облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді

Маңғыстау облысында магнитудасы 4,7 жер сілкінісі сезілді. Бұл туралы Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады.

Жер асты дүмпуі Астана уақыты бойынша сағат 13:25-те тіркелді. Эпицентрі Форт-Шевченкодан солтүстік-шығысқа қарай 187 шақырым және Шетпеден солтүстікке қарай 104 шақырым жерде орналасқан. Ошақ 10 шақырым тереңдікте жатты, — делінген хабарламада.