Қазақстан Ауғанстанмен сауда ынтымақтастығын арттырады

Қазақстан Ауғанстанмен сауда ынтымақтастығын арттырады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Біз Ауғанстанмен ынтымақтасамыз, сауданы дамытамыз. Екіжақты сауда 1 миллиард доллар болды. Бұл Әзербайжанмен, Түркіменстанмен жасалған саудамен салыстырғанда айтарлықтай көп. Осы орайда сауда ынтымақтастығын одан әрі арттырамыз. Ауғанстанмен екіжақты саудада бидай, ұн, күнбағыс майы басымдыққа ие. Неліктен бұл мүмкіндіктен бас тартуымыз керек? Бұл біздің мемлекетімізге пайда әкеледі, — деді Серік Жұманғарин үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында.

Серік Жұманғарин Ауғанстанда сауда үйі ашылып, оған арнайы өкіл тағайындалғанын айтты.

Ресми өкіл жұмысты үйлестіруге жауапты, өйткені Ауғанстанның аумағы үлкен әрі әртүрлі. Енді екіжақты сауданы дамытуда нарықты зерделеп, жергілікті кәсіпкерлермен танысу қажет. Ауған кәсіпкерлерін осында шақырып, бизнес-форум өткізгім келеді. Оларға біздің мүмкіндіктерімізді көрсеткен жөн, — деді министр.