Басты бетЖаңалықтарАлматыда пәтер...

Алматыда пәтер алуға болмайтын тағы бір тұрғын үй кешені анықталды

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы заңсыз салынып жатқан тұрғын үйдің пәтерін сату туралы хабарландыру жарияланғанын анықтады.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматының Шашкин, 42/1 көшесінде орналасқан Maison тұрғын үй кешені заңсыз салынған. Бұл жер теліміне жерасты автотұрағы бар әкімшілік ғимарат салу керек болған. Ал сәулет-жоспарлау тапсырмасы медициналық пункт салуға алынған. Басқарма заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарып, құрылысты тоқтату туралы сотқа талап арыз берді. Экономикалық тергеу департаменті мен мемлекеттік кірістер департаментіне шара қолдану үшін хат жолданды, — делінген хабарламада.

Қала құрылысын бақылау басқармасы қала тұрғындарын сақ болуға шақырады. Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 сенім телефонына қоңырау шалып, тұрғын үй кешенінің тиісті құжатының бар-жоғын тексеру керек.