Алматы тауларында қар көшкініне байланысты бақылау бекеттері қойылды

23-26 сәуір аралығында қардың еруі мен қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні жүру қаупі бар.

«Космостанция» автожолындағы Аюсай бөгетінен жоғары және «Шымбұлақ — Тұйықсу мұздығы», «Эдельвейс», «Бутаковка», «Қимасар», шатқалдарында бақылау бекеттер орнатылды», – деп хабарлады Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Департамент мәліметінше, қар көшкінінің 20-дан астам профилактикалық түсуі жүргізілді. Жару әдісі арқылы 50 мың текше метрден астам қар массасы тау етегіне түсті.