Жетісу облысында кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топ ұсталды

Жаркентте кәсіпкерді қорқытып, ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Күдіктілер жергілікті кәсіпкерді қорқытып, 15 мың қытай юань талап еткен.

Топ үш адамнан тұрады. Біреуі — Алматы қаласының тұрғыны, екіншісі — Алматы облысынан, үшіншісі — Жетісу облысының тұрғыны, – деді Жетісу облысы полиция департаменті ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсайынов.

Олар ақша алып тұрған кезде ұсталды. Олардың біреуінен 9 мм калибрлі 13 патроны бар тапанша (сигналдық) табылып, тәркіленді.

Аталған факт бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 194-бабына сәйкес «Қорқытып алу» жүргізіледі. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды.