Жаңаөзенде газ қоспасы жарылған үйдің тұрғындарына жаңа пәтердің кілті табысталды.
Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы хабарлады.
Компания мәліметінше, баспанасыз қалған тоғыз отбасыға адам басына қарай екі бөлмелі екі пәтер, үш бөлмелі бес және бес бөлмелі екі пәтер сатып алынды.
Еске салайық, 17 сәуірде таңғы сағат бесте Жаңаөзенде екі кіреберісті 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде газ қоспасының жарылысы болды. Өрт шыққан жоқ. Бірақ жарылыс салдарынан кіреберістің 150 шаршы метрі опырылып құлады.
Төтенше оқиға кезінде төрт адам – екі әйел, бір бала және бір ер адам қаза болды.