23 сәуірде Алматыда марафон өтеді. Жарыс өтетін күні жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады. Бұл туралы Алматы жартылай марафонының ұйымдастыру комитеті хабарлады.
Жарыс өтетін күні қаланың мына жолдары жабылады:
Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Навои көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін жабық болады. Оңтүстік жағы сағат 7:00-ден 8:10-ға дейін жабылады.
Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағат 7:15-тен 09:40-қа дейін жабық болады. Оңтүстік жағы көлік қозғалысы үшін ашық.
Сейфуллин даңғылында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағат 7:40-тан 09:00-ге дейін толық жабылады.
Абай даңғылының оңтүстік жағында Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағат 8:40-тан 11:10-ға дейін жабық болады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық.
Абай даңғылының оңтүстік жағында Сейфуллин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағат 7:50-ден 09:30-ға дейін жабық болады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
Саин көшесінің шығыс жағында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағат 08:30-дан 10:10-ға дейін жабылады. Батыс жағы көлік қозғалысына ашық болады.