Президент Екібастұздағы төтенше жағдайдан кейін ескерту жасады

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес өтіп жатыр.

Президент Павлодар облысының әкімі Асайн Байхановтың баяндамасына қатысты пікір айтты.

Екібастұз энергетикалық торабын жаңғырту — басым бағыт. Үкімет пен әкімдік ГРЭС-1 бірінші энергоблогын уақтылы іске қосуды және ГРЭС-2 жаңа екі блокты салуды қамтамасыз етуі қажет. Бұл — ел көлеміндегі жобалар. Ал Екібастұз ЖЭО-ны жаңғырту және келесі жылыту маусымына дайындыққа келетін болсақ, барлық жоспар толық көлемде және мерзімінде орындалуға тиіс. Былтырғы дағдарыстың қайталануына жол берілмеуі керек, — деді президент.