Алматыда Райымбек даңғылындағы автобус жолағымен жүруге рұқсат етіледі

Алматыда жүргізушілерге Райымбек даңғылындағы автобус жолағы арқылы өтуге рұқсат етіледі. Бұл туралы қалалық мобилділік басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

19 сәуірден бастап жүргізушілерге Райымбек даңғылы бойынша Саин көшесінен Яссауи көшесіне дейін жұмыс күндері сағат 20:00-ден 06:30-ға дейін жол учаскесінде қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақтар бойынша жүруге рұқсат етіледі. Демалыс және мереке күндері осы учаскеде барлық көлік уақыт шектеуінсіз жүре алады.

Көлік қозғалысына осы жаңалықтың енгізілуі қала ішіндегі көлік легін тиімді құру үшін, сонымен қатар қарбалас шақта және демалыс күндері арнайы бөлінген автобус жолақтарын пайдалану мәселесін шешу үшін тесті режимінде енгізіледі. Бөлінген жолақтар бойынша көлік құралдарының қозғалысын өзгерту 2023 жылдың соңына дейін күшінде болады. Содан соң салыстырмалы деректер негізінде көлік легін ұйымдастыру туралы шешім қабылданады. Жүргізушілер белгіленген жол белгілерін басшылыққа алып, ҚР жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауға тиіс, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл шара пилоттық жобаның екінші кезеңі саналады.