Қазақтанда әр төрт адамның бірінде көлік бар

2017 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметтер базасында 4 млн. 425 мың 770 көлік құралы есепте тұр. Осы арқылы 1 мың адамға шаққанда 250 көліктен келеді екен.

Жыл сайын 540-570 мың жүргізуші куәлігі беріледі.

Айта кетейік, 2000 жылы елімізде көлік саны 1,3 миллионнан аспаған еді. Соның арасында жеңіл көліктер саны 1 млн. 298 болды. Бүгінде Қазақстан аумағында ресми түрде 3 миллион 845 мың 301 жеңіл автомобиль тіркеуде тұр.

ДереккөзInform.kz