Арыстанбек Мұхамедиұлының соты 17 сәуірде болады

Арыстанбек Мұхамедиұлының соты 17 сәуірде болады. Бұл туралы елордалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Байқоңыр» ауданының сотына Мұхамедиұлы, Нұразхан, Көшенов және Сәдуақасованы бюджет қаражатын жымқырды деген айыптаумен қылмыстық іс қабылданды, — деп хабарлады ведомстводан.

Негізгі сот талқылауы 17 сәуірде болады. Сот отырысы ашық өтеді. Тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 миллиард теңге.

Еске салайық, былтыр 29 мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.