Басты бетЖаңалықтарОқу-ағарту министрлігіне...

Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілуі мүмкін

Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілуі мүмкін. Үкімет қаулысы көпшілік талқылауға шығарылды.

Жаңа өзгеріс бойынша, енді оқу-ағарту министрлігіне мына құзыреттер беріледі:

  • 12 жастан 35 жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын бекіту;
  • 14 жастан 35 жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын ұйымды айқындау;
  • мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын айқындау;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту;
  • еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында, сонымен қатар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту;
  • «Өркен» грантын беру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту;
  • аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттелген органдарына қойылатын тану қағидаларын бекітеді. Танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізілімін, сонымен бірге оларды оған енгізу, тоқтата тұру және одан шығару негіздерін қалыптастыру және бекіту;
  • мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасының құрылымы және оны әзірлеу қағидаларын бекіту.

Министрліктің мәліметінше, бұл құзыреттерді беру – білім саласын одан әрі дамытуға және оның сапасын арттыруға ықпал етеді.

Қаулы 12 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.