Басты бетЖаңалықтарАлматыда құны...

Алматыда құны 6 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Алматыда әскери прокурорлар құны 6 миллиард теңгеден асатын бұрынғы әскери госпитальдың жер учаскесін мемлекетке қайтарды.

Бұл туралы бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Әскери прокурорлар мүлікті мемлекет пайдасына қайтару жөнінде шаралар қабылдап жатыр.

2014 жылы Алматының Медеу ауданындағы нарықтық құны 6 миллиард теңгеден астам, жалпы ауданы 3,8484 гектар жер учаскесі «Достық строй» құрылыс компаниясы» ЖШС-нің меншігіне өткен. Бірақ бұл учаске жеті жылдан астам уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмағанын ескере отырып, әскери прокуратура органдары оны мәжбүрлеп алып қою туралы талап арызбен жүгінген. 2022 жылы Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әскери прокуратураның талап-арызы қанағаттандырылып, заңды күшіне енген, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сот актісін орындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.