Qnet қаржы пирамидасын басқару фактісі бойынша күдікті ұсталды

Алматыда Qnet қаржы пирамидасын басқару дерегі бойынша күдікті ұсталды. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚМА Алматы бойынша департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп оңтүстік мегаполис аумағында Qnet қаржы пирамидасын басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Ол азаматтардан ақша жинап, біреуінің жарналарының есебінен басқа қатысушыларды байыту мақсатында қайта бөлді.

Алматының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты екі айға «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске салайық, бұған дейін елордада осындай қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдікті ұсталған еді.