Қазақстан туын шатастырып алды ма? Дания құрамасының жазбасы талқыға түсті

Данияның футболдан құрамасы әлеуметтік желіде Қазақстанның туын қойған жазба талқыланып жатыр. Бұл туралы Vesti.kz жазды.

Дания құрамасы “Астана аренада” Қазақстанға қарсы ойнайтынын хабарлап пост жариялады. Адамдар Қазақстан туы қалай безендірілгенін ұнатпады. Постқа он шақты комментарий жазылған соң Дания құрамасы Қазақстанның шын туын салып, постты қайта жариялады.

Бұл интернеттегі Қазақстан туын бейнелеген стильдердің біреуі ғана болуы мүмкін. Мысалы, Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының сайтында Қазақстан туы дәл осылай бейнеленген. Бұл ұйым Швейцарияда орналасқан.

Тудың осы нұсқасы Ресейдің спорт сайттарының бірінде де қолданылады.