Үш өңірде дауылды ескерту жарияланды

“Қазгидромет” 26-28 наурыз аралығында Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жариялады.

Ауа температурасы көтеріліп, күн жыли бергені салдарынан Қостанай облысының басым бөлігінде қар еріп, еріген қардың су ағындысы болады. Мұз ери береді. Бұл ретте өзендерде су деңгейі көтеріліп, су жайылуы мүмкін. Жергілікті маңызы бар жолдарды еріген қар суы басу қаупі төніп тұр.

Бұл күндері Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында да ауа температурасы көтеріліп, жауын-шашын көп жауғаннан кейін қар еріп, оның еріген ағындысы болады. Мұз еріп, өзендерде су деңгейі көтеріледі. Мұның салдары су жайылып, тасқынға әкелуі мүмкін.