Алматы мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындыcы жарияланды

Алматы аумақтық сайлау комиссиясы Алматы мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындысын шығарды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттық мандаттар таратылды. Алматы мәслихатын сайлау қорытындыларына сәйкес, партиялық тізімдер бойынша дауыстар мынадай болып бөлінді:

  • Amanat партиясы — 151 531 дауыс, 51,94%, 12 мандат.
  • Respublica партиясы — 38 369 дауыс, 13,15%, үш мандат.
  • «Қазақстан халық» партиясы — 38 563 дауыс, 13,22%, үш мандат.
  • «Байтақ» партиясы — 23 266 дауыс, 7,97%, екі мандат.
  • «Ақ жол» партиясы — 15 273 дауыс, 5,23%, бір мандат.
  • «Ауыл» партиясы — 8 264 дауыс, 2,83%, мандатсыз.
  • Бәріне қарсы 16 490 сайлаушы дауыс берді.

Алматыда дауыс берген сайлаушылардың жалпы саны — 302 270 адам.