Сейсмологтар сағат 00:38-де Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 360 шақырым жерде Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі мамандарының мәліметі бойынша, жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,3.
MPV магнитудасы 5,1. Эпицентр координаттары 44,22° солтүстік 81,15°Ш. Тереңдігі 15 км.
Бұған дейін Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 591 шақырым жерде Тәжікстан аумағында жерасты дүмпулері болған. Сейсмологтардың мәліметінше, тербеліс 2023 жылғы 19 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 23:07-де болған. Алматы аумағында жерасты дүмпулері сезілген жоқ.