Премьер-министр Әлихан Смайылов сайлаудан кейін үкімет отставкаға кететінін айтты.
Конституцияға сәйкес, парламент жаңадан сайланғаннан соң үкімет өз өкілетін тоқтатады. Біз отставкаға кетеміз. Бірақ жаңа үкімет құрылғанға дейін міндетімізді атқара береміз. Жаңа премьер-министр кім болатынын президент пен жаңа мәжіліс шешеді. Әрине, біз кез келген өзгерістерге және еліміз үшін жұмыс істеуге дайынбыз, — деді Әлихан Смайылов.
Әлихан Смайылов Астанадағы ҚР ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.