Картинада басты рольдерде Берік Айтжанов, Аша Матай мен Әнуар Нұрпейісов ойнайды. 2014 жылдың тамызында басталған түсірілім жұмыстары Алматы, Баянауыл, сонымен қатар, Астана мен Қарағандыда өтті.
«16 қыз» фильмі ата-анасы үйлендіруді армандайтын Бауыржан есімді жігіттің оқиғасын баяндайды. Бас кейіпкердің ата-анасы балаларына қалыңдық іздейді. Бауыржан болса махаббатпен үйленгісі келеді. Ал оның таңдауы Айжан басқа адаммен атастырылып қойған. Әкесінің көңілін қалдырғысы келмеген қыз сүйіктісінен бас тартады.
Фильмнің сценарий авторлары — Қанағат Мұстафин мен Жанат Қасбеков, ал продюсер — Айдархан Әділбаев.