Павлодар облысында қатты желден 21 ауыл жарықсыз қалды

Павлодар облысында түнде соққан қатты жел салдарынан облыстағы 21 ауыл жарықсыз қалды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, электр желілеріндегі апатты жоюға 22 адам мен бес техника жұмылдырылған. Желдің екпіні секундына 27 метрге дейін жеткен.

8 наурызда сағат 04:15-те Жаңатлек кентінде Б.Хайдаров атындағы мектептің 51 шаршы метр аумақта шатыры жартылай опырылды, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Ал Павлодарда сағат 06:30-да төрт қабатты әкімшілік ғимараты шатырсыз қалды.

Ғимараттың 1 440 шаршы метр алаңында қаңылтыр шатыр ұшып кеткен. Ғимарат 1980 жылы салынған және кейінгі рет былтыр жөндеуден өткен, — делінген хабарламада.