БАҚ өкілдеріне шабуыл жасау ісі бойынша 30-дан астам қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл туралы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді.
Журналистерге жасалған шабуыл фактілері бойынша 30-дан астам қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар 22 адам ұсталды. Қазір оның жетеуі қамауда, қалғандарына жасын ескере отырып, қоғамнан оқшаулануға қатысты емес бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Аталған іске қатысты ақпарат беріледі. Сонымен қатар шабуыл жасау фактілері бойынша процедуралық тұлғалар да бар, — деді Марат Ахметжанов..
Оның айтуынша, жәбірленген журналистер істі тергеу барысына қатысады.
Жәбірленушілер тергеу шараларына белсенді қатысып жатыр. Олар белгілі бір тергеу әрекеттерін жүргізу туралы өтініш жасай алады. Сондықтан тергеу әрекеттерінің басталуы ғана жүріп жатыр, басқа фактілер мен мән-жайлар пайда болған кезде, біз қолданыстағы іс жүргізу заңнамасы шеңберінде міндетті түрде хабардар етеміз, — деді министр.
Айта кетейік, кейінгі кезде елімізде журналистерге шабуыл көбейді.
Журналистер мен блогерлерге жасалған шабуылға қатысты 18 адам ұсталды.
Арандатушылық шабуылдардың тікелей ұйымдастырушысы — шетел азаматы, білікті хакер О.Токарев Алматыда ұсталған еді. Содан кейін О.Токаревтің сыбайластары анықталды. Журналистерге шабуыл ұйымдастырған және бастамашы болған Қазақстан азаматы Клебанов (Маневич) Аркадий Сергеевич екені анықталды.