Тоқаев пен Путин көлік-транзит бағдарларын кеңейту мәселесін талқылады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефонмен сөйлесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президенттер екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі нығайту перспективасын осыған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында талқылады.

Телефон арқылы әңгімелесу барысында көлік-транзит бағдарларын кеңейту және сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелеріне айрықша назар аударылды.

Сонымен қатар екі ел басшылары алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырды.