«Қорғас» орталығы жақын арада жұмысын бастайды

Премьер-министр Әлихан Смайылов пандемия басталғаннан бері «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы тоқтап тұрғанын, бірақ қазіргі уақытта қытай тарапымен оны ашу туралы келісімге қол жеткізілгені туралы айтты.

«Қорғас» жақын арада жұмысын бастауға тиіс. Енді дайындық жұмыстарын жеделдетіп, орталық қызметіне тартылған барлық құрылымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету керек, — деді үкімет басшысы.