Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 50 мыңнан асты

Түркияда 6 ақпанда болған жойқын жер сілкінісінен 43 556 адам қаза болды. Бұл туралы елдің Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мәлімдеді. Сириядағы адам құқықтарын бақылау кеңесі белсенділері (SOHR) мәлімдеуінше, дүмпуден 6 747 адамның қаза болған.

6 ақпанда Түркия — Сирия шекарасында магнитудасы 7,8 балдық жер сілкінісі тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, апаттан 23 миллионға жуық адам зардап шекті.

Мамандар жер сілкінісінің экономикалық шығынын 20 миллиард доллардан (18,8 миллиард еуро) астады деп бағалады.